Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Межрайонная психолого-медико-педагогическая консультация, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы»

11.04.2022

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

     

  1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

 

 

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына
1-қосымша

 

"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида)

1. Жалпы ережелер

      1. "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны қалыптастыру тәртібін анықтайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және/немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет негізгі талаптарының тізбесінде берілген.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде тіркеуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Балаларды консультацияға алдын ала жазу журналына психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күнін тағайындайды және көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар пакетін психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудің белгіленген күні ұсынады.

      Телефон арқылы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.

      6. "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Отбасы" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық сұрау салудың мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсету күні туралы хабарлама жібереді.

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      7-1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;

      2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде шектеулі қолжетімді мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен алу енеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.

      Қабылдауға eGov Mobile қосымшасындағы Bilim сервисі арқылы көрсетілетін қызметті алушы жазылады. Сәтті жазылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаудан бір күн бұрын және қабылдау күні еске салумен күні расталған смс-хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші көрсетілетін қызметті алушы келген кезде белгіленген күні көрсетілетін қызметті алушының деректерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ПМПК-да Балаларды тексеруді есепке алу журналына енгізеді, құжаттар топтамасын мамандарға береді.

      10. Құжаттар топтамасын алғаннан кейін мамандар ата-анасының (заңды өкілдерінің) қатысуымен баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді және қызмет берушінің мамандарымен кеңес беруді жүргізеді.

      11. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден кейін көрсетілетін қызметті берушінің мамандары ұсынылған білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтер, білім беру бағдарламасының түрі көрсетілген жазбаша қорытындыны әзірлейді, мәліметтер "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесіндегі ПМПК модуліне енгізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жазбаша қорытындыға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға тексерілген күні беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жібереді.

      13. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға берілуі мүмкін.

      Әкімшілік орган, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық
көмек көрсету" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
1-қосымша

 

      Балаларды консультацияға алдын ала жазу журналы

 

Жүктеу

Тексеру күні
Дата обследования

Тексеру уақыты
Время обследования

Баланың ТАӘ (ол болған жағдайда)
ФИО ребенка(при его наличии)

Баланың
ЖСН
ИИН ребенка

Жасы
Возраст

ПМПК-ға келу себептері
Основание обращения в ПМПК

 

 

  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік
қызмет көрсетудің негізгі
талаптардың тізбесіне
2-қосымша

 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Жүктеу

"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;
"электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz;
www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күні жүгінген күні белгіленеді.
Портал, сонымен қатар проактивті түрде жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күні 2 (екі) жұмыс күні ішінде тағайындалады.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минутан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) Қағаз/проактивті түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қорытынды немесе 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
Проактивті түрде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру қорытындысының дайын болғаны және eGov Mobile қосымшасының Bilim сервисінде сақталатыны туралы хабарлама болып табылады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталдың/www.edu.gov.kz-те тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы" № 052/е нысаны;
2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері. 1), 2) тармақшалардағы құжаттар түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, салыстырылған соң түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде:
1) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі көшірмесі;
2) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалардың статистикалық есебі үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес № 052/е нысанды "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы";
2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.
Резидент болып табылмайтындарға:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) баланың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) мүгедектігі туралы қорытынды (бар болса);
4) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалардың статистикалық есебі үшін) (бар болса).
1), 2) және 3) тармақшалардағы құжаттар түпнұсқада және көшірме түрінде көрсетіледі, салыстырылған соң түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) баланың жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі;
2) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі;
3) мүгедектігі туралы қорытындының электронды көшірмесі (бар болса);
4) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электронды көшірмесі (үйде оқитын балалардың статистикалық есебі үшін) (бар болса).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес № 052/е нысанды "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы";
2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.
Баланың туу туралы куәлігін, мүгедектігі туралы мәліметтерді, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысын көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

 

 

  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
3-қосымша

 

      _____________________________________________

      Білім беру ұйымының атауы

Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті ______________________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сізге 20__жылғы "___"__________ тексеруден өту қажеттігін еске саламыз.

      Тексеру түрі: _______________________

      бастапқы/қайталама

      Өткізу орны: ____________________________________________

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация атауы

      Ұйым мекенжайы: _______________________

      Телефон: _________________

      Құжаттарды қабылдаған күн: ___________________________

      Құжатты қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________.

 

  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік қызмет
көрсетудің негізгі
талаптардың тізбесіне
4-қосымша

 

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

 

  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда) не
ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 

      _________________________________________________________________

      Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы

      ТАӘ: ___________ ЖСН:_________________ Мекенжай:_________________

      Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (Көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)

      _________________________________________________________________

      бас тарту себебі байланысты мемлекеттік қызмет көрсету

      тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету (Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Орынд.: Тегі, аты, әкесінің аты

      Тел.:

      Күні:

 

  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
5-қосымша

 

ПМПК-да балаларды тексеруді есепке алу журналы

 

Жүктеу

Баланың ТАӘ (ол болған жағдайда)
ФИО ребенка (при его наличии)

Туылған күні
Дата рождения

Тексерілген күні
Дата обследования

Бастапкы
Диагнозы
Предварительный диагноз

Мекенжайы
Домашний адрес

ПМПК қорытындысы
Заключение ПМПК

Ұсынымдар
Рекомендации

 

 

  "Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық
тексеру және оларға
консультациялық көмек
көрсету" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
6-қосымша

 

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________

      мекенжайы

      Телефон _________________________

      __________________________________берілді

      баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ол "____" ____________ 20___ жылы тексеруден өтті.

      1. Қорытынды _______________________________________

      2. Білім беру бағдарламасы және ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша

      ұсынымдар: ______________________________________

      _____________________________

      Қорытынды ___________________ дейін жарамды

      Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы

      _____________

      Мамандар ____________________

____________________.

  • стандарт гос услуг.docx
  • стандарт гос услуг.docx
  • каз гос услуг.docx
  • стандарт гос услуг.docx
  • стандарт гос услуг.docx


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

№ п/п Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Атауы қызметтер Нысанын жүктеу Қызмет online
1 2 3 4 5
1 803018 Мұғалімдерді аттестациялауға құжаттарды қабылдау. Инструкция получения электронной услуги
2 803010-1 Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін мұғалімдерден құжаттарды қабылдау. Инструкция получения электронной услуги
3 00402006<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt> Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Инструкция получения электронной услуги
Текст