Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Межрайонная психолого-медико-педагогическая консультация, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекеттік басқаруды дамыту: Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру"

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесінің өзектілігі мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық салаларын және бүкіл кезеңін қамтитындығымен түсіндіріледі. Жыл сайын мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие болып келеді. Бұл салаға қызығушылықтың артуы оны заңнамалық деңгейде реттеу қажеттілігіне әкелді.

2013 жылғы 15 Сәуірде "мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негізгі ұғымдарды айқындайды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін түрлі курстар, семинарлар ұйымдастырылады.

Арнаулы білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру шеңберінде ағымдағы жылдың 13-15 тамызынан бастап "Көкшетау қ., ауданаралық ПМПК" КММ басшысы С. Б. Ескендирова "Мемлекеттік басқаруды дамыту: Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру" тақырыбында "ФИРМА сындарлы шешім" ЖШС-де оқудан өтті. Семинар барысында келесі тақырыптар қозғалды:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасы;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;

- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау.      

Сондай-ақ, семинар ұйымдастырушылары стресске төзімділікке және Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жанжалды жағдайларды шешуге арналған тренингтер өткізді. Семинардың қорытындысы кешенді тестілеу және оқыту семинарынан өткені туралы сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру болды.

 Басшы  Ескендирова С. Б.

Жаңартылған күні: 24.09.2024 12:03
Құрылған күні: 24.09.2024 12:03

№ п/п Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Атауы қызметтер Нысанын жүктеу Қызмет online
1 2 3 4 5
1 00402006 Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Инструкция получения электронной услуги
Жаңартылған күні: 23.02.2022 15:27
Құрылған күні: 23.02.2022 15:36
Текст