2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1) "Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық- медициналық- педагогикалық кеңесі" КММ. Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Арнайы білім беру саласында 1 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсету.
2023 жылы «Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ 2985 мемлекеттік қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қамтамасыз етілген –0 қызмет;
ЭҮП арқылы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 82 қызмет;
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер –2903 қызмет.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2022 жылы «Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ 2639 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қамтамасыз етілген –0 қызмет;
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 0 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер –2639 қызмет.
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат http://sc0038.kokshetau.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары орналастырылған. ПМПК ақпараттық стенді бар, онда қажетті құжаттар топтамасын көрсете отырып, қызмет көрсету уақыты мен орны туралы қажетті ақпарат орналастырылады: мемлекеттік қызметті көрсететін тұлғалардың Т.А.Ә.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
2023 жылы ПМПК БАҚ пен әлеуметтік желілерде 4 мақала, 2 тікелей эфир жариялады.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының бекітілген Жоспарына сәйкес. Басшының міндетін атқарушы А.Б.Ибраева «ПМПК жұмыс істеу ережелері» тақырыбындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қалалық семинарға қатысты.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы ПММК мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жалғастырады.
№ п/п | Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді | Атауы қызметтер | Нысанын жүктеу | Қызмет online |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 00402006 | Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» | Инструкция получения электронной услуги |